| 10.03.2022 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Г.К. Нұғыманованы тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Орталық аппаратының Саяси Бюросының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 64/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гаухар Көкенқызы Нұғымановаға берілсін.
2. Гаухар Көкенқызы Нұғыманова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Гаухар Көкенқызы Нұғымановаға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 10 наурыз,
№ 17/456
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
