| 26.03.2015 |
|
2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса, 9 451 057 (тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың елу жеті) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 1-қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 2-қосымшаға сай бекітілсін.
4. Сайлау бюллетеньдері «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) аппаратының қаржы-бақылау бөлімі сайлау бюллетеньдерін облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына арнайы байланыспен 2015 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етсін.
6. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына 2015 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей жеткізуді және беруді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ортсайлауком хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 26 наурыздағы № 19/43
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
