| 25.03.2015 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 000 (бес миллион екі жүз елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау - 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау - 810 000 (сегіз жүз он мың) теңге сомасында;
4) сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жай жалдау - 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару - 250 000 (екі жүз елу мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар - 300 000 (үш жүз мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ.
2015 жылғы 25 наурыздағы № 17/40
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
