| 22.09.2022 |
|
Б.Д. Қыстауовты және Б.А. Халмұрзаевты Шымкент қаласы сайлау
комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Б.Д. Қыстауовтың 2022 жылғы 20 қыркүйектегі және Б.А. Халмұрзаевтың 2022 жылғы 19 қыркүйектегі міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов және Бақберді Әмзеұлы Халмұрзаев Шымкент қаласы сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Шымкент қаласының мәслихатына және Шымкент қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 22 қыркүйек
№ 66/542
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
