| 09.12.2022 |
|
Т.М. Қабылбекті және М.А. Ниязовты Шымкент қаласы сайлау
комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Т.М. Қабылбектің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы және М.А. Ниязовтың 2022 жылғы 5 желтоқсандағы міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түймехан Мұсаханұлы Қабылбек және Марат Әбдіжаппарұлы Ниязов Шымкент қаласы сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Шымкент қаласының мәслихатына және Шымкент қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
|
Төраға м.а. |
К. Петров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 8 желтоқсан
№ 120/614
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
