| 20.07.2011 |
|
2011 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды.
Ортсайлаукомның мәліметтері бойынша, 2011 жылғы 16 маусым мен 19 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 92 кандидат ұсынылды.
Қызылорда мен Жамбыл облыстарында ең көп кандидаттар саны ұсынылған - әрқайсында 9 кандидаттан. Солтүстік Қазақстан облысында 8 кандидат, ал Астана мен Алматы қалаларында 7 үміткерден ұсынылған.
Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында 6 адамнан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында - 5 кандидаттан, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 4 үміткерден ұсынылған.
Маслихаттар 15 кандидат ұсынған, тағы 77 азамат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған.
Ұсынылған кандидаттар арасында 6 әйел бар.
Жасы бойынша: жасы 35-ке дейінгі – 3, жасы 45-ке дейінгі - 15 кандидат, жасы 55-ке дейінгі – 34, жасы 60-қа дейінгі – 14, жасы 65-ке дейінгі – 21, жасы 65-тен асқан - 5 кандидат бар.
Мамандығы бойынша: 20 инженер, 12 экономист, 12 оқытушы, 9 заңгер, 3 дәрігер, 1 саясаттанушы, 35 басқа мамандық иелері бар.
Қызметі бойынша: 9 - Парламент Сенатының депутаты, 40 – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 25 – кәсіпкерлік құрылымдардың қызметкерлері, 11 – ғылым, мәдениет пен білім қызметкерлері, 2 – уақытша жұмыс істемейтіндер, 5 – басқалар.
Партияға қатыстылығы бойынша: 45 кандидат - «Нұр Отан» ХДП-ның, 1 – «Ақ Жол» ҚДП-ның, 1 – «Ауыл» ҚСДП-ның, 1 – Қазақстанның патриоттар партиясының, 1 – «Руханият» партиясының мүшесі, 26 кандидат – партияда жоқтар, 17 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
20 шілдедегі жағдай бойынша Сенат депутаттығына 56 кандидат тіркелген.
Тіркеу мерзімі 29 шілдеде аяқталады, ал 30 шілдеден бастап барлық тіркелген Сенат депутаттығына кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
