| 25.01.2023 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы
№ 112 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы» 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 112 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров
тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 25 қаңтар
№ 25/695
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
