| 20.02.2011 |
|
2011 жылғы 20 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат Ғ.Е.Қасымовтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ғани Есенгелдіұлы Қасымов мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Ғ.Қасымов емтиханның бірінші тапсырмасы бойынша «Кең байтақ жерім бар» атты тақырыпта шығарма жазды. Екі бет жазба жұмысында бірқатар кемшіліктер болды. Атап айтқанда емле қатесі -3, тыныс белгілерінен кеткен қате - 5, стильдік қате – 2. Барлығы 10 қате. Үміткердің сөйлем құрауы қарапайым. Ойын анық жеткізген және тақырыпты ашқан.
Екінші тапсырма бойынша ол Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқыды. Жалпы жаман емес. Дегенмен кейбір дыбыстарды шатастыратыны байқалды. Ал үшінші тапсырма бойынша «Еңбек пен талап» тақырыбында сөйледі. Үміткердің сөздері қарапайым. Әдеби тілдің өлшемін үнемі сақтай бермейтіндігі байқалды. Бірақ еңбектің, талаптың не екенін ашып, жақсы әңгіме айтып берді. Осылардың барлығын ескере келе, үміткер Ғ.Қасымов мемлекеттік тілді меңгерген деген шешімге келдік»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
