| 12.05.2023 |
|
2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
шығып қалған депутатының орнына
сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12- және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін облыс таңдаушыларының санына сәйкес, таңдаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, дайындасын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 12 мамыр
№ 73/767
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
