| 12.05.2023 |
|
2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған, Солтүстік Қазақстан
облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып
қалған депутатының орнына сайлауда Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық
бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар – 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізу үшін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 12 мамыр
№ 73/768
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
