| 13.01.2011 |
|
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.
2. Республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашыл тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады.
Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 13 қантар
№ 14/19
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
