| 27.12.2010 |
|
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13, 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Референдумның бастамашыл тобы қосымшаға сай құрамда тіркелсін.
2. Референдумға ұсынылып отырған: «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктер мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» мәселеcі тіркелсін.
3. Референдумның бастамашыл тобына:
1) референдумның бастамашыл тобын және оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесiн тiркеу туралы куәлік;
2) республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары берілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2010 жылғы 27 желтоқсан
№ 12/16
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
