| 19.01.2024 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау
комиссияларының мүшелері міндеттерінен
В.В. Рыжковты, С.Н. Байбековті, Б.Ж. Төребековті босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және В.В. Рыжковтың, С.Н. Байбековтің, Б.Ж. Төребековтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Вячеслав Васильевич Рыжков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Сейдіқасым Ниязбекұлы Байбеков, Берік Жолмұханұлы Төребеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №1 және №2 округтік сайлау комиссияларына, Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2024 жылғы 19 қаңтар
№ 4/4
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
