| 07.02.2024 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
М.Т. Тәкиевтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «М.Т. Такиевті тағайындау туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 457 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Төкешұлы Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Т. Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
|
Төраға м.а. |
К. Петров
|
|
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы
2024 жылғы 6 ақпан
№ 12/12
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
