| 04.04.2024 |
|
2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 25 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға м.а. |
К. Петров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2024 жылғы 4 сәуір
№ 24/27
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
