| 10.05.2024 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі № 3 және № 4 округтік сайлау комиссияларының
мүшелері міндеттерінен Б.С. Нұркееваны, М.М. Қалимолдинді
босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.С. Нұркееваның, М.М. Қалимолдиннің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 30 сәуірдегі өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баян Сағынтайқызы Нұркеева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Марат Мәутенұлы Қалимолдин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 және № 4 округтік сайлау комиссияларына, Алматы қаласының мәслихатына және Алматы қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2024 жылғы 10 мамыр
№ 30/34
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
