| 15.08.2007 |
|
2007 жылғы 20 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарын кезектен тыс сайлау жөнінде дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақытты белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 38-баптарына сәйкес Қазақстан Республика-сының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 20 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарын кезектен тыс сайлау жөнінде дауыс беруді бастау сағат – 11-ге және дауыс беруді аяқтау – Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысушы сайлаушылар дауыс беріп болған уақытқа белгіленсін.
2. Осы қаулы Қазақстан халқы Ассамблеясына және Астана қаласы сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 15 тамыз
№109/238
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
