| 15.08.2007 |
|
2007 жылғы 20 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау бюллетені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республика-сының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілсін.
2. Сайлау бюллетеньдерінің, сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса ала отырып, әзірлеуге жататын саны 368 (үш жүз алпыс сегіз) дана болып белгіленсін.
3. Сайлау бюллетеньдерін 2007 жылғы 18 тамыздан кешіктірмей Астана қаласының сайлау комиссиясына жеткізу қамтамасыз етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 15 тамыз
№109/236
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
