| 12.08.2007 |
|
Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым байқаушысын аккредиттеудің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 16-3/1464 хатының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйым байқаушысын аккредиттеудің күші жойылсын және оған берілген куәлік кері қайтарылып алынсын.
2. «Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 6 тамыздағы № 104/223 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға қоса берілген, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде:
«Халықаралық ұйымдар байқаушылары» деген бөлімде:
«ТМД Миссиясының байқаушылары» деген кіші бөлімде реттік нөмірі «371. Солозобов Юрий Михайлович» деген жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопковаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 12 тамыз
№107/232
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2007 жылғы 12 тамыздағы
№ 107/232 қаулысына қосымша
Орталық сайлау комиссиясының
2007 жылғы 12 тамыздағы
№ 107/232 қаулысына қосымша
Аккредиттеу күші жойылған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушысы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы
| № пп | № Куәлік | Аты-жөні |
| 391 | 371 | Солозобов Юрий Михайлович |
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
