| 13.08.2007 |
|
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің қосымша санын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24, 26, 37-баптарына сәйкес және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 10 тамыздағы № 205-99/07 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында құрылған сайлау учаскелеріне, учаскелердегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса дайындауға және жеткізуге жататын, 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің қосымша саны 3795 (үш мың жеті жүз тоқсан бес) дана болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 13 тамыз
№108/235
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
