| 13.08.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/172 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 50-1, 50-5-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/172 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Дауыс беруге дейінгі екі сағат бұрын сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін қосудың мөр басылып жабылған паролiн ашады және электрондық сайлау жүйесiн оны енгізу жолымен iске қосады.
6. Дауыс беретін күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың қағаз тізімінде электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беруге ниет білдірген сайлаушы қолының тұсына «ЭД» деген белгіні қояды.
7. Сайлаушылардың тізіміне енгізілмеген, бірақ өзінің осы сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын растаған сайлаушыны учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылардың қағаз тізіміне енгізеді.
8. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып дауыс беруге ниет білдірген сайлаушыны сайлау учаскесінің компьютеріне дейін ертіп апарады және оның сайлаушылардың қағаз тізіміндегі деректері мен тіркеу нөмірінің сайлау учаскесіндегі компьютерге дұрыс енгізілуін бақылайды.».
2) аталған қаулымен бекітілген, 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерінің тізбесі осы қаулыға Қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 13 тамыз
№108/234
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
