| 10.08.2007 |
|
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің қосымша санын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 08/2293 хаты негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің, сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса ала отырып, әзірлеуге және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында құрылған сайлау учаскелеріне жеткізуге жататын, қосымша саны 2121 (екі мың бір жүз жиырма бір) дана болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 10 тамыз
№106/227
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
