| 10.08.2007 |
|
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын көлік шығыстарының мынадай мөлшерлері:
1) облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында;
2) қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында белгіленсін.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 10 тамыз
№106/229
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
