| 06.08.2007 |
|
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның шағымын қарау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 27 және 29-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 7504 қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы Алматы филиалының «Одна страна, две судьбы», «Бір мемлекет, екі тағдыр» атты үгіттік бейнероликтерді телеарна эфирінде орналастырудан бас тартуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес келеді деп танылсын.
2. Осы қаулы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға және «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамының Алматы филиалына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 06 тамыз
№104/222
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
