| 06.08.2007 |
|
Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысы (бұдан әрі – саяси пікірсайыс) 2007 жылғы 10 тамызда сағат 18.00-де «Хабар» республикалық теледидар арнасының эфирінде ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Саяси пікірсайысты өткізудің регламенті бекітілсін.
3. Саяси пікірсайысты өткізудің регламенті партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың және «Хабар» республикалық теледидар арнасы редакциясының назарына жеткізілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері М.Ә. Оспановаға, Л.Ж. Сүлейменге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 06 тамыз
№104/220
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
