| 06.08.2007 |
|
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 105-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары өз шешімімен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің мәтініне, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлау бюллетенінің мәтініне тегі, аты және әкесінің аты енгізілген кандидат өзінің кандидатурасын алып тастаса, немесе республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің жоғары органы мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы шешімінің күшiн жойса, немесе кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, өзгерістер енгізуді белгілейді.
Қабылданған шешім туралы учаскелік сайлау комиссиялары хабардар етіледі.
2. Өзгерістер енгізуді учаскелік сайлау комиссиялары мынадай тәртіппен жүргізеді: комиссия мүшесі бірыңғай тәсілмен кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын және оның оң жағына орналасқан шаршыны сиямен сызады және сызылған тегі, аты, әкесінің аты мен шаршының оң жағына өзінің қолын қояды.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 06 тамыз
№104/221
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
