| 02.08.2007 |
|
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында аумақтық сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелерін анықтауы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 43 және 94-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саяси партияларға дауыс беру кезінде дауыстарды санау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясы жасаған хаттамалар дереу тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Хаттаманың көшірмесі жалпыжұрттың танысуы үшін учаскелік сайлау комиссиясының үй-жайында дереу ілінеді.
Дауыстарды санау кезінде сайлау комиссиясының отырысына қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.
2. Аудан, қала, қаладағы аудан бойынша дауыс беру нәтижелері тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында тиісті учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде анықталады және комиссия төрағасы, мүшелері қол қоятын хаттамаға енгізіледі және дереу тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Хаттаманың көшірмесі жалпыжұрттың танысуы үшін аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайында дереу ілінеді.
Аудан, қала, қаладағы аудан бойынша дауыс беру нәтижелерін анықтау кезінде сайлау комиссиясының отырысына қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.
3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің сайлау учаскелерінде қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерімен дауыс беру хаттамалары деректері негізінде саяси партияларға дауыстарды санау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының жиынтық тізімдемесін жасайды және оны жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау комиссиясының үй-жайында іледі. Жиынтық тізімдеме осы қаулыға 1-қосымшаға сай нысанда учаскелiк сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелерi туралы ұсынған хаттамаларының негiзiнде жасалады, оған сайлау комиссиясының төрағасы қол қояды және ол жалпыжұрттың танысуы үшiн iлiнедi.
4. Тиiстi аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауыстарды санаудың дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк сайлау комиссиясының сайлаушылардың дауыстарын қайта санауы туралы шешiм қабылдауға құқылы. Сайлаушылардың дауыстарын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың дұрыс саналмау фактілерiн табыс еткен өтiнiш берушілердің қатысуымен жүргiзiледi. Дауыстарды санау кезінде қатысқан байқаушылар, сенім білдірілген адамдар дауыстарды қайта санау туралы хабардар етіледі және оған қатысуға құқылы.
5. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға және аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру туралы хаттамаға қол қойғанға дейiн жүргізілуге тиiс.
6. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша дауыс беру нәтижелері облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларының отырысында тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының саяси партияларға дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде анықталады және комиссия төрағасы, мүшелері қол қоятын, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылатын хаттамаға енгізіледі және Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Хаттаманың көшірмесі жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау комиссиясының үй-жайында дереу ілінеді.
Дауыстарды санау кезінде сайлау комиссиясының отырысына қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.
7. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністерде партиялық тізімдер бойынша дауыс беру нәтижелері туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары хаттамаларының жиынтық тізімдемесін жасайды және оны жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау комиссиясының үй-жайында іледі. Жиынтық тізімдеме осы қаулыға 2-қосымшаға сай нысанда алынған аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелерi туралы хаттамаларының негiзiнде жасалады, оған сайлау комиссиясының төрағасы қол қояды және ол жалпыжұрттың танысуы үшiн iлiнедi.
8. Облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша дауыс беру нәтижелері, осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сай нысан бойынша жиынтық тізімдемелер сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімде Орталық сайлау комиссиясына беріледі.
9. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалар Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/167 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша жасалады.
10. Тиісті сайлау комиссиясына хаттамаларды жеткізу кезінде, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясының отырысында саяси партияларға дауыс берудің нәтижелерін анықтау кезінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан сенім білдірілген бір-бір адамнан, бір-бір байқаушыдан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
11. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 02 тамыз
№103/218
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
