| 17.03.2025 |
|
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау
бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 14-бабының 7) тармақшасына, 16-1-бабының 4) тармақшасына, 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
2. Өңірлердің тиісті сайлау комиссиялары:
1) бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;
2) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;
3) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы облыстардың, Астана және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2025 жылғы 17 наурыз
№ 9/15
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
