| 20.07.2007 |
|
2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республика-сының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні (1-қосымша);
2) 2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беруге арналған электрондық сайлау бюллетеніне енгізілетін саяси партиялар атауларының тізімі (2-қосымша) бекітілсін.
2. 2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 1 шілдедегі № 7/12 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттары депутаттарын, Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөнінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың, сондай-ақ олардың қорғалулық дәрежесін айқындаудың Ережелеріне сәйкес әзірленсін және оларды 2007 жылғы 16 тамыздан кешіктірмей учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 20 шілде
№99/205
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
