| 25.04.2025 |
|
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар
қалаларының, аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының,
кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі
сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) және 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының, аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін (бұдан әрі – әкім) сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) әкім болуға кандидаттың өтініші мен өмірбаян деректері (1-қосымша);
2) әкім болуға кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі (2-қосымша);
3) әкім болуға кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағы (3-қосымша);
4) әкім болуға кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі (4-қосымша);
5) әкім болуға кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (5-қосымша);
6) әкім болуға кандидатты қолдайтын қолдарды тексеру нәтижелері туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі (7-қосымша);
8) әкім болуға кандидаттың куәлігі (8-қосымша);
9) әкімді сайлау бойынша сайлаушылардың тізімі (9-қосымша);
10) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
12) әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);
13) әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы (13-қосымша);
14) сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі (14-қосымша);
15) сайланған әкімнің куәлігі (15-қосымша);
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы
24 маусымдағы №7/412 «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2025 жылғы 25 сәуір
№ 15/22
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
