| 12.02.2026 |
|
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум
құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдумды өткізу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі (1-қосымша);
2) шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (2-қосымша);
3) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны және референдум учаскелерінің саны туралы хабары (3-қосымша);
4) учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);
6) дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (7-қосымша);
8) Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамасы (8-қосымша);
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 12 ақпан
№ 6/11
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
