| 12.02.2026 |
|
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық
референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық
ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 6-бабының 4-тармағына cәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы республикалық референдумды байқауға қатысуға шақыруларды Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық референдум комиссиясының жанында аккредиттеледі;
Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың референдум өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық референдум комиссиясы белгілеген үлгідегі аккредиттеу куәлігі беріледі.
3. Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады.
4. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде референдумды байқауды жүзеге асыра алады.
5. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті референдум комиссиясы Орталық референдум комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысын аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тиісті шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның өтініші негізінде Орталық референдум комиссиясы кері қайтарып алуы мүмкін.
6. Шет мемлекет және халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
7. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2026 жылғы 9 наурызда cағат он сегізде аяқталады.
8. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 12 ақпан
№ 6/14
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
