| 12.02.2026 |
|
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық
референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп, 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумның қатысушыларын оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтай отырып, оқыту сапасын және референдумды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып оқытуды ұйымдастырсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 12 ақпан
№ 6/15
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
