| 10.06.2026 |
|
Екі күндік республикалық онлайн-семинар өткізілді
2026 жылғы 9–10 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау процесіне қатысушыларды 2026 жылы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешені шеңберінде «Сайлау процесін ұйымдастыру мен өткізудің практикалық аспектілері» тақырыбында республикалық оқыту онлайн-семинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында өтіп, тұрақты кәсіби негізде өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының 160 мүшесін қамтыды.
Семинар бағдарламасы сайлауды ұйымдастырушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруге және құқықтық құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Оқыту барысында қатысушылар сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелерін қарастырды.
Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтармен танысып, сондай-ақ электоралдық процесс шеңберінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәжірибесін талқылады.
Сонымен қатар, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт жүргізу және ұлттық байқау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Практикалық жағдайларды талдауды қамтыған тиісті тақырыптық сабақтарды Орталық сайлау комиссиясының өкілдері өткізді.
Сабақтар кейс-әдісті қолдана отырып, интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар шағын топтарда жұмыс істеп, нақты жағдайларды талқылап, практикалық шешімдерді бірлесіп әзірледі.
Семинардың екінші күні толығымен «Стресс жағдайындағы коммуникациялар: сайлау процесіндегі келіссөздер жүргізу және жанжалдарды шешу» атты практикалық тренингке арналды. Оқу барысында қатысушылар тиімді коммуникация құралдарын меңгерді. Практикалық бөлім бейнекейстерді талдауды және рөлдік жаттығуларды қамтыды.
Екі күндік оқу курсының қорытындысы бойынша тыңдаушылар кері байланыс алу мақсатында сауалнама толтырып, оқудан сәтті өткенін растайтын электрондық сертификаттарға ие болды.
Бағдарлама каскадтық оқыту қағидаты бойынша жүзеге асырылды. Семинар аясында даярлықтан өткен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері алдағы уақытта өз өңірлерінде осындай оқыту іс-шараларын өткізеді. Мұндай тәсіл алынған білімнің кеңінен таралуына ықпал етіп, сайлау жүйесінің барлық деңгейінде кәсіби даярлықтың, құзыреттіліктің және құқықтық мәдениеттің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
