| 10.03.2022 |
|
2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2022 жылғы 10 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, келесі қаулылар қабылданды:
Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты З. Б. Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.
Депутат З. Б. Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Орталық аппараты Саяси Бюросының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 64/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының бос мандаттарын «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Г.К. Нұғымановаға, М.М. Магеррамовқа беру туралы қаулы етті.
Сондай-ақ, Ортсайлауком Г.К. Нұғыманова мен М.М. Магеррамовты Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді және оларға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру туралы қаулы етті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


