| 08.10.2022 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлының
сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады
2022 жылғы 8 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оған саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлының сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлына қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Қажыкен Мейрам Зекешұлына қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.
Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Қажыкен Мейрам Зекешұлы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» КЗ талаптарына сәйкес келеді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай Қажыкен Мейрам Зекешұлы тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 61 жыл бойы тұрады.
2022 жылғы 8 қазандағы лингвистикалық комиссияның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Ұсынылған дипломның көшірмесіне сай жоғары білімі бар (дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілді).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған мәліметтерге сай мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 14 жыл.
Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынған «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар.
Осыған байланысты Ортсайлауком қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлы Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
Қол жинауды кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары ортсайлаукомның 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысымен бекітілген Нұсқаулық негізінде жүзеге асыратын болады.
Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
