Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
АЙМАНАКУМОВ Азамат Мақсотұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
1983 жылғы 19 мамырда Атырау облысы Индер ауданының Көктоғай ауылында туған.
2005 жылы Атырау мемлекеттік университетін, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Франция Ұлттық басқару мектебін (ENA) бітірген.
Еңбек қызметі:
09.2005-07.2007 жж. – Атырау қаласы №31 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
07.2007-03.2008 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы.
03.2008-01.2010 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы.
01.2010-01.2011 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратында бас инспекторы.
01.2011-02.2014 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттардың орындалысын бақылау, ұйымдастыру-инспекторлық, бақылау және талдау бөлімдерінің басшысы.
02.2015-01.2017 жж. – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары.
02.2017-01.2019 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратында бас инспекторы, әдеп жөніндегі өкілі.
01.2019-11.2024 жж. – Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
07.11.2024 ж. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» орденімен марапатталған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
