Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары
БОРТНИК Михаил Михайлович
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
1960 жылғы 3 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Суворов ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Павлодар индустриалдық институтын, 2002 жылы – Орталық Азия университетін бітірген.
Еңбек қызметі:
11.1985-10.1986 жж. – Шевченко қаласы, пластмасс зауытының комсомол комитетінің хатшысы.
10.1986-07.1989 жж. – Қазақстан Лениндік коммунистік жастар одағы Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
06.1989-08.1993 жж. – пластмасс зауытының жылумен жабдықтау учаскесінің бастығы.
08.1993-03.1998 жж. – Ақтау қаласы пластмасс зауытының (АКПО АҚ) бас энергетигінің орынбасары.
03.1998-03.1999 жж. – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
03.1999-12.2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
12.2008-12.2011 жж. – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.
12.2011-01.2012 жж. – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.
01.2012-05.2014 жж. – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.
05.2014-08.2020 жж. – бесінші және алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
09.2020-11.2022 жж. – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
11.2022-11.2024 жж. – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» (2007 ж.), «Парасат» (2014 ж.), ТМД ПАА «Достастық» (2015 ж.) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
