Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
СҮЙІНДІК Ләззат Кенесқызы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
1985 жылғы 26 шілдеде Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2015 жылы Ұлыбританияның Шеффилд университетін (магистратура) бітірген.
Еңбек қызметі:
03.2008-05.2010 жж. – Қазақстан Республикасының Ақпарат және мәдениет министрлігінің бас сарапшысы.
05.2010-06.2016 жж. – Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің электрондық БАҚ басқармасының бастығы.
06.2016-06.2019 жж. – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
06.2019-06.2021 жж. – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
06.2021-07.2022 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
09.2022-11.2024 жж. бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді.
2024 жылғы 7 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты (2019 ж.), «Ақпараттық саланың үздігі» төсбелгісі (2019 ж.), мерейтойлық медальдар.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
